Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

Полицейлер көліктен ұялы телефон жымқырған күдіктіні анықтады

Танымал

Ел аузында

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, көше бойында тұрған өзіне тиесілі автокөліктің ішінен белгісіз біреулер құны 60 000 теңге тұратын «Редми» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Аталған жайтты сарыағаштық полицейлер ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Жедел уәкілдер тобы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін көрген-білген куәлардан жауап алды.
Сондай-ақ полицейлер жақын маңдағы бейнекамераларды тексеріп, қажетті деген іс-шаралардың барлығын атқарды. Нәтижесінде тәулік ішінде күдікті ретінде ер адам анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай орта жастағы азамат қылмысты жасырын түрде іске асырған. Ол көше бойында тұрған автокөліктің есігі кілттенбегенін байқап, арам ойын жүзеге асырған. Полиция қызметкерлері күдіктінің телефонды базарлардың біріне сатып жібергенін анықтады. Бүгінде ұрланған ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды. Күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне құнды заттарды көлікте қалдыруға болмайтынын ескертеді. Қысқа уақытқа кетсеңіз де, көліктің терезелері мен есіктерін жабуды ұмытпаңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жизни более 100 человек помогли сегодня спасти жители города Конаев

Сдать кровь – это доброе дело особой категории, которое поможет кому-то вылечиться, кому-то спасет жизнь, сделать его может каждый,...