Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Ойын-сауықтыру орталығынан ұялы телефон ұрлаған әйел анықталды

Танымал

Ел аузында

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, қызының «VIVO» маркалы ұялы телефонын ойын-сауықтыру орталығынан белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 80 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары жедел іске кірісті. Олар оқиға орнына бірден жетті. Қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде орта жастағы әйел анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті де, жәбірленуші де бассейнге демалу үшін барған. Жас қыз киінетін бөлмеде ұялы телефоны бар сөмкесін қалдырған. Ал күдікті болса соңынан кіріп, телефонды жасырын жымқырған. Арада бірнеше күн өткен соң, күдікті әйел ұялы телефонды базарға апарып сатқан.

Полицейлер қазіргі таңда ұялы телефонды иесіне қайтарды. Сезікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бағалы және жеке заттарға сақ болуды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық...