Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-9.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

«17 миллиард теңге»: Алматыдағы өртенген әкімдік ғимаратын жөндеуге қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Ғимараттың қасбеті мүмкіндігінше бұрынғы қалпында сақталады, құрылымдары жеңілдетіледі, бірақ ғимарат бұрынғысына ұқсас материалмен қапталады.

Алматы әкімдігі қаңтарда өртеніп кеткен қала әкімдігі ғимаратын қалпына келтіру құнын атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы құрылыс басқармасында өткен брифингте қаңтарда бұзылған ғимаратты жөндеуге кететін шығын туралы сұрақ қойылды.

«Біз реконструкцияны екі кезеңде жүргіздік. Үш павильонның бірінші кезеңінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледік. Құрылыстың жалпы құны шамамен 13 миллиард теңге болады. Ең үлкен, төртінші павильонды қалпына келтіру үшін екінші кезеңдегі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз, қыркүйектің аяғында жобаны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сметалық құны қорытынды бойынша анықталады, бірақ алдын ала құн – 4 миллиард теңге. Осылайша, ғимаратты қалпына келтіруге 17 миллиард теңгеге дейін қаражат қажет», – деді Алматы қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, ғимараттың қасбеті мүмкіндігінше бұрынғы қалпында сақталады, құрылымдары жеңілдетіледі, бірақ ғимарат бұрынғысына ұқсас материалмен қапталады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Аманат» әуе дуэті IV Халықаралық балалар мен жастар цирк фестивалінде Алтын жүлдеге ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері, Дәулет Досбатыровтың жетекшілігіндегі «Аманат» әуе дуэті Данат пен Данали Досбатыровтар 6-8 желтоқсанда Тула мемлекеттік циркінде...