2019 жылы Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту үшін қалалық бюджеттен 30 миллион теңге жұмсалған. Бұл туралы мәслихат хатшысы Ерлан Қаналимов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«2019 жылмен салыстырғанда, барлық мемлекеттік органдар құжат айналымы 100%-ға цифрлық форматқа ауысты. 2019 жылы өзгерістердің болғанын ескере отырып, сол жылы маңдайшалар, бланктер мен басылымдарды ауыстыру үшін 30 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Бұл жылы шығындар аз болады деп ойлаймын, себебі құжаттар цифрлы форматқа ауысқан. Қазір көптеген мемлекеттік органдар бланктерді ресми толтырмайды, электронды-сандық қолтаңбаны пайдаланады», – деп мәлімдеді ол.
Ерлан Қаналимов Астана атауын қайтару үшін қаржы қалалық бюджеттен бөлінеді.
Еске салайық, 2 қыркүйекте «Жаңа Қазақстан» депутаттар тобы астананың бұрынғы атауын қайтаруды ұсынған еді.