Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Жұмыс берушісінің асыл тұқымды қошқарларын сатып, қашып кеткен шопан анықталды

Танымал

Ел аузында

Ордабасы аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның қарамағында жұмыс істейтін шопаны құны 1 миллион теңге болатын 5 бас асыл тұқымды қошқарларын рұқсатсыз сатып, өзі қашып кеткен.

Бұл жайында жәбірленушіге танысы хабарласып, қойлары қараусыз жүргенін жеткізгенде бірақ біледі. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеді. Осы қылмысқа байланысты тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Куәлардан сұрастырып, жан-жақты тексеру жүргізді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы Алматы қаласына қашпақ болған шопан дер кезінде анықталды. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, орын алған жайттың ақ-қарасын ажырату мақсатында жауап алынды. Анықталғандай, күдікті Өзбекстан Республикасының азаматы 1 жылдан бері жәбірленушінің қойларын бағып жүрген. Алайда осы жолы тұрғынның 5 бас қошқарын таныстарына сатып, қалған малдарды қараусыз қалдырып, өзі бой тасалаған. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Айғақты зат ретінде талан-таражға түскен малдар алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Рухани кеңістіктегі ғылыми көпір

Стамбул қаласында Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығында (IRCICA) профессор Девин ДиУистің «Қазақстан мен Орталық Азиядағы Ислам және...