Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Гүлнара Рақымжанқызы туралы…

Танымал

Ел аузында

Заң ғылымдарының докторы, профессор Үсейінова Гүлнара Рақымжанқызы арамызда болса 56 жасқа толар еді. Осындай қысқа ғұмырында Гүлнара Рақымжанқызының ұстаз, заңгер-ғалым ретінде де, басшы ретінде де атқарған қызметі мен жасаған еңбегі өте көп және атқарары да көп, қаншама жүзеге аспай қалған жоспарлары мен идеялары да жетерлік еді…

Бұлай дейтін себебім  2011 жылы заң факультетіміздің екі іргелі «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасы мен «Конституциялық және әкімшілік құқық» кафедралары біріктіріліп, жаңа құрылымның меңгерушісі болып Гүлнара Рақымжанқызы және оқу-әдістемелік және тәрбие бойынша орынбасары ретінде мен тағайындалғаннан бастап,  иық тіресіп, бірге он жылдың жүзіндей жұмыс жасадық. Университетімізде бұрын бейтаныс индикативтик жоспар, рейтинг ұғымдары пайда болып,  жүзеге аса бастады. Кез келген өзгерістер жеке адамға да, ұжымға да белгілі бір үрей, белгісіздік ұялатындығы сөзсіз. Дәл осы сәттерде Гүлнара Рақымжанқызы әріптестердің сенімін оятып, бағыт-бағдар көрсете білген жетекші ретінде танылды.  Гүлнара Рақымжанқызынын ойлары, стратегиялық жоспарлары озық, амбицияға толы болатын және ол ой пікірлерін жүзеге асыруда үнемі әріптестермен ақылдаса отырып, бірлесіп жоғары белестерге жетті. Он жыл ішінде ол кісінің кафедраның атқарылған жұмысы, беделі, жоғары орындардан көрінуі үшін аянбай, үлкен жанашырлықпен тер төгіп жұмыс жасағанының нәтижесін жыл сайынғы университет құрылымдарының рейтингісінен көруге болатын еді. Кафедрамыз осы жылдары ең жоғарғы орындардардан тұрақты түрде көрініп, университеттің жетекші құрылымдарының бірі ретінде танылды. Мұндай жағдай қаншама заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттары бар үлкен ұжымды оңтайлы, дұрыс басқара алуының нәтижесі деп білемін.

2017 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- да Алматы қаласы бойынша  ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау Жобасы жұмысын бастады. Осы жоба басшылық тарапынан толығымен біздің кафедра ұжымына жүктелді. Сондай ақ Гүлнара Рақымжанқызы «SANALY URPAQ», «Aдалдық алаңы», «Адал көмек» республикалық Жобалардың кеңесшісі болды. Гүлнара Рақымжанқызының басшылығымен үлкен және ауқымды жұмыстар жүргізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру: теориялық және тәжірибелік мәселелері» атты қазақ, орыс тілдерінде ұжымдық монография, электрондық оқулық, мультфильм түрінде оқу көрнекі құралы, сыбайлас жемқорлық тәуекел картасы жасалынып көптеген ғылыми мақалалар жарық көрді. Заң факультетінде профессор Үсейінова Г.Р. бастамасымен «Жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ, Парасаттылық орталығы ашылып, жұмысы осы күнде жүріп жатыр. Міне осылайынша ол кісі Жаңа, әділетті Қазақстанның құрылуына, қоғамда, әсіресе өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениеттің қалыптасуына өздігінше үлес қосқан азаматтардың бірі.  

Гүлнара Рақымжанқызының ғылыми жолы да ҚР ҰҒА академигі С.С. Сартаевтың ғылыми жетекшілігімен қазақтың көрнекі ғалым қайраткерлері Ш. Уалиханов пен А. Бөкейхановтын мемлекеттік-құқықтық көзқарастарына арналғаны тегін емес шығар деп ойлаймын. Себебі, қазақтың ардақты азаматтарының саяси-құқықтық ойларын зерттей отырып өзінің тұлға ретінде қалыптасуына әсерінің болғаны сөзсіз.  

Нәзік жанды, парасатты әйел, отбасының және ұжымның ұйытқысы болған Гүлнара Рақымжанқызы  аққан жұлдыздай, бір сәтте жарқ етіп, мезгілсіз өмірден озды.

Үлкен мектептен өткізген, ұстаз-тәлімгерім санайтын қадірлі апайымның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, алды пейіш, арты кеніш болсын деймін. Жақсының аты өшпейді, жадымызда қалады…

С.А. САРТАЕВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық

кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В ОБЛАСТИ ЖЕТІСУ ПРОДОЛЖАЕТСЯ АКЦИЯ «МӨЛДІР БҰЛАҚ»

В декаде «Мөлдір бұлақ» республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» принимают участие жители разных населенных пунктов области Жетісу. «Мөлдір бұлақ» –...