Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

12 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

«Қайырымды такси» қызметі іске қосылды

Танымал

Ел аузында

Соңғы жылдары елімізде халыққа бірнеше такси қызметі көрсетілгенімен олардың өз еліміздің тасымал жүйесі емес екені, көңілдегі бір түйткіл болатын. Өйткені сол такси қызметтері арқылы түскен табыс та шетел асатын. Мәселен осындай жолмен күніне кем дегенде елу миллион теңге шетелге аударылатын көрінеді. Бұл тек ірі қалаларда такси қызметін ұсынатын бір ғана шетелдік компанияға тиесілі сома. Еліміздегі ірі мегаполис саналатын төрт қаланың өзінде ғана шетелдік компанияларға қызмет жасайтын он мың такси жүргізушісі бар екенін, бірнеше өзге елдің такси қызметтері нарықты жұмыс жасап жатқанын  ескерсек, бұл мөлшер еселене түседі. Олар түскен табыстарының  22 пайызын шетелдік компанияларға төлейді.
Осы орайда «Қайырымды жан» қоғамдық қайырымдылық қоры шетелге аударылып жатқан қаражатты елде қалдырудың жолы ретінде отандық такси қызметін қолға алды. Осылайша бүгін Тәуелсіздік күні еліміздің алты қаласында такси қызметінің жаңа түрі іске қосылды. Атап айтқанда Астана,  Алматы, Шымкент, Тараз, Орал, Ақтөбе қалаларының тұрғындары  «Қайырымды такси»  мобильді қосымшасы арқылы  қолжетімді бағаға  отандық такси шақырып, пайдалана алады. Ол үшін тұрғындар «Қайырымды жан» мобилді қосымшасын көшіріп алу керек.

Ал жүргізуші болсаңыз, «Қайырымды такси» платформасына тіркелесіз.

 
Отандық такси қызметімен бірге «Қайырымды такси» отандық мобильді қосымшасы да іске қосылады. Такси қызметінен түскен қаражаттың 7 пайызын еліміздегі тұрмыстық  жағдайы төмен отбасыларға, әлеуметтік жағдайы жоқ жалғызбасты, көпбалалы аналарға, науқас балаларға жұмсау арқылы олар игі іске мұрындық болып отыр. «Біз тек жүргізушілерден түскен табыстың 13 пайызын ғана ұстап отырамыз. Оның жартысына жуығы қайырымдылық шараларына жұмсалады», – деді қордың жетекшісі Әсет Болатбеков. Компанияға әр жүргізушіден түскен қаржының 13 пайызы алынса, 7 пайызы қайырымдылық қорға аударылады.

Қалған 6 пайызды талдасақ, 3 пайыз жүргізушінің әлеуметтік төлемдеріне, 3 пайызы компания қажетіне жарататын көрінеді.

Қор қызметкерлерінің сөзінше, бұдан былай әйелдерді,  балаларды тасуға  арналған такси қызметінің түрі де жұмыс істей бастайды. Халықтың қауіпсіздігін алдыңғы орынға қойып, шетел асқан қаржының да жолына тосқауыл болуды көздегендер халық такси қызметіне қатысты қандайда бір шағымды тікелей қордың басшыларына хабарласып, айта алатынына да кепілдік беріп отыр. «Қайырымды Жан» ҚҚҚ Алматы филиалының өкілі Нұрсерік Битанов «Он мың такси жүргізушісі күніне орташа есеппен 250 миллион теңге табыс табады. Табыстың 22 пайызын компанияға береді. Сонда күніне 54 миллион теңге шетелге шығып жатыр. Олардың бір ғана мақсаты Қазақстаннан табыс тауып кету. «Қайырымдылық такси» қызметіне жүргізушілерді аларда міндетті түрде сотталмағаны, қылмысқа қатысының жоқтығын анықтап, құжаттарды сұраймыз. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасызу ету. Шетелдік компаниялардың қызмет көрсету қосымшаларымен біздікі  бірдей. Тәуелсіздік күні Алматыда жүзден астам такси жүргізуші жолға шығады», – дейді. Айтпақшы қызметті ұйымдастырушылар тасымал қызметінің құны да төмен болатынын айтып сендіріп отыр. «Мақсат – пайда табу емес, елге қызмет көрсету арқылы қайырымдылық жасау» дейді олар! Халыққа да керегі осы болса керек…

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысында медициналық мекеменің жаңа ғимараты қолданысқа берілді

Бүгін Іле ауданы Байкент ауылында орналасқан отбасылық денсаулық орталығының жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік...