Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Орал тұрғындары мен кәсіпкерлері дизель отыны тапшылығына шағымданды

Танымал

Ел аузында

Оралда дизель отыны тапшылығы байқалады. Дизель отынының тапшылығы мен жоғары тарифтерге байланысты ауыр жүк көліктері мен коммуналдық көліктер жұмысты шектеуге мәжбүр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Әсіресе жүк көліктерінің жүргізушілері шағымданып жатыр. Қожа Серікмұратов үш жылдан бері Мәскеуден Алматыға тауар жеткізеді. Бұл жолы ол қалада дизель отынын таппай, рейсті қалай жалғастыратынын ойлап жүр.

«Ресейден кірдім, еш жерде жанармай жоқ, шекарадан 50 литр ғана алдым, басқа таппадым, енді іздеймін. Қыста бірінші рет мұндай мәселе туындады, не істерімді әлі білмеймін. Бұл біз үшін, барша жүргізуші үшін үлкен мәселе», – деді Қожа Серікмұратов.

Бұл жағдай, тұрғындардың айтуынша, бірнеше аптадан бері жалғасып келеді. Ал, жанармай бағасының қымбаттауы облыс орталығындағы коммуналдық қызметтерге де, жолаушылар тасымалына да зиянын тигізуі мүмкін дейді мамандар. Тасымалдаушылар тарифтерді көтеруге мәжбүр болады.

«Жолаушыларды тасымалдау, «Батыс су арнасы», «Жайықжылуэнерго», АЭК, қаланы тазалаудың өзі техниканың жұмысына байланысты, оларға тариф – 125 теңге солярка, ал қазір олар 650 теңгеден сатып алуға мәжбүр, бұл өте үлкен шығын, баға төрт есе өсті», – деді облыс мәслихатының депутаты Тұрарбек Тілемісов.

Депутат жақын маңдағы Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан жанар-жағармай жетіспейтінін атап өтті. Әдетте кәсіпорыннан айына 30 мың тонна дизель отыны жеткізілетін. Шенеуніктер көлем бұрынғысынша қалды деп сендіреді. Олар коммуналдық кәсіпорындар талон арқылы жанар-жағармай құйып жатқанын, еш қиындық жоқ екенін айтып, жүргізушілер арасында дизель отынға үлкен сұраныс жоқ дейді.

Қазір Оралда жазғы дизель отыны табылмайды. Бір ғана жанармай бекеті қысқы дизель отынын сатады. Бірақ 650 теңгеге. Бірақ отынның бұл түрі облысқа Ресейден жеткізіледі. Сондықтан оның құны өсе береді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...