Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қазақстанның бес қаласында ЖЭО 80 пайызға тозған

Танымал

Ел аузында

Қазақстандағы жылу электр орталығын жөндеуге 182 миллиард теңге қажет. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қызыл» аймақтағы жылу электр орталықтары үшін келесі күзгі-қысқы кезеңде тәуекелдерді азайту мақсатында негізгі жабдыққа күрделі жөндеу, реконструкциялау, жаңғыртуды жүргізу көлемі айқындалды. Алдын ала дерек бойынша, жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін 182 миллиард теңге көлемінде қаржы қажет. Бұл есеп бенчмаркинг шеңберінде жүргізілді», – деді ол.

Министр электр және жылу энергиясына бекітілген тарифтерді ескергеннің өзінде энергия өндіруші ұйымдарды жөндеу үшін 93 миллиард теңге керек екенін мәлім етті.

«Қазіргі уақытта электр станцияларының бекітілген тарифтер шеңберінде электр және жылу энергиясын өткізуден түсетін кіріс толыққанды жөндеу шығынын өтемейді. Жеткіліксіз қаржы сомасы – 88 миллиард теңге. Коммуналдық және квазимемлекеттік меншіктегі 12 жылу электр орталығы бойынша жоғарыда аталған жұмысты іске асыруға мемлекеттік бюджеттен, ал 22 жеке жылу электр орталығы бойынша – меншік иесінің өз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылады», – деді Болат Ақшолақов.

Ақшолақов елдегі ЖЭО жабдықтарының орташа тозуы 66 пайыз, Орал, Степногорск, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларындағы ЖЭО-лардың тозуы 80 пайыздан асқанын түсіндірді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...