Министр Қазақстандағы электр қуатының тапшылығы туралы айтты

Танымал

Ел аузында

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда электр қуатының тапшылығы туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан биткоин өндіруден әлемде үшінші орында тұрғанына қарамастан елде электр энергиясы тапшы. Бұл неліктен?, – деп сұрады журналист брифингте.

Ақшолақов таңғы және кешкі уақытта электер желілерінде тапшылық барын мойындады.

«Ұлттық желілерде жақында 16,5 гигаватттан астам қуат жүктеме болды. Генерация – 15 800. Үлкен ағындар пайда болғаны анық. Бұл ағындар әдетте Ресей мен Орталық Азия жүйесімен жабылады», – деді министр.

Оның айтуынша, жүйеде өндіріс пен тұтыну арасында айырмашылықтар болған кезде апаттық режим іске қосылып, тұтынушыларға шектеулер енеді.

Ол барлық майнинг фермалар қызметі нормативтік құжаттардың жаңа талаптарына сәйкестендіріліп, бақылауға алынғанын түсіндірді.

«Кімде-кім тіркелмеген болса ол заңды бұзған болып саналады. Біз халықты электр жарығынан ажыратпаймыз. Жарықты өшіру мәселе шешілмей бара жатқанда қолданылатын соңғы шешім. Бірінші кезекте ірі кәсіпорындар өшіріледі», – деп қосты министр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жетісу медицинасының кадрлық әлеуетін қалыптастырған колледжге – 90 жыл

Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Талдықорған жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. 1936...