Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Энергетика министрі өңірлердегі көмір қорының аздығын түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Премьер-министр Әлихан Смайылов кейбір өңірде көмір қоры нормадан төмен екеніне назар аударды. Оның себептерін энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бірқатар өңірде көмір қоры нормативтен төмен. Мәселе қалай шешіліп жатыр?», – деп сұрады премьер-министр үкімет отырысында.

«Бүгінде энергия көздері қоймаларында көмір қоры шамамен 3 миллион тонна. Бұл жалпы бекітілген нормаларға сәйкес келеді. Алайда, кейбір станцияларда бұл норматив қамтамасыз етілмеген. Бұл Қарағанды ЖЭО, Теміртау МАЭС – норма 20 кезінде 15 тәулікке; Павлодар ЖЭО-да – норма 10 кезінде 7 тәулікке; Петропавл ЖЭО-да – норма 20 кезінде 17 тәулікке.РЕКЛАМА

Күніне екі рет Энергетикалық қадағалау комитеті аталған электр станциялары мен ҚТЖ өкілдері қатысқан селекторлық кеңес өткізеді. Өткен кезеңде Петропавл ЖЭО-да көмірмен қамтамасыз ету толықты», – деп жауап берді Ақшолақов.

Сонымен қатар, министр журналистерге Петропавл ЖЭО-дағы логистика мәселесіне байланысты көмір беру алты күнге дейін қысқарғанын түсіндірді.

«Әр станцияда көмірдің де, мазуттың да өзіндік стандартты қоры бар. Өкінішке қарай, логистика, тасымалдауда белгілі бір мәселелердің болуына байланысты кешігулер болды, қор азайды», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ВАШИНГТОНДА OXFORD QAZAQ DICTIONARY СӨЗДІГІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН: тіл, мәдениет және ұлттық бірегейлік 22 қазанда Вашинтондағы Джорджтаун университетінде қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ Oxford Qazaq Dictionary сөздігі таныстырылды. Джорджтаун...