Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер 14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, боран секілді ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады.

«Елдің батысында ауа температурасы түнде 9-19 градус аяз, солтүстік-батыста 13-28 градус аяз, солтүстікте 10-23 градус аяз, орталықта 17-28 градус аяз, шығыста 18-32 градус аяз, оңтүстікте түнде ауа температурасы 15-25 градустан 13-21 градус аязға дейін, оңтүстік-шығыста 20-38 градустан 15-26 градусқа дейін аяз», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды насихаттау және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...