Полицейлер оқушылармен нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Есірткіге жол жоқ!" тақырыбында маңызы зор іс-шара ұйымдастырды. Ауқымды шараға Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полициясы мен дәрігер-наркологтар жұмылдырылды. Семинарға Түркістан қаласында орналасқан №28 және №18 Ж.Еділбаев мектеп-гимназияларының мұғалімдері мен оқушылары қатыстырылды.                
      Семинар барысында тәртіп сақшылары оқушыларға есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетіп, есірткі мен психотроптық заттардың зияндылығы туралы айтып берді.    
                   Полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және заңдарды сақтауға шақырды. Семинар соңында тәртіп сақшылары оқушылармен бірге есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған "Есірткіге жол жоқ!" парақшаларын қоғамдық орындарға орналастырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін ұстау, жұмыс берушімен сауатты әңгімелесе білу де маңызды. Осы мақсатта...