Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Полицейлер ауылдастарының сиырларын ұрлап, сатып жіберген тұрғынды қамауға алды

Танымал

Ел аузында

 Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жайылымда қараусыз жүрген 4 бас сиырын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 200 000 теңгені құрады. Аталған жайт ҚР КҚ-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркелді.      
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары шұғыл әрекет етті. Олар көрген-білгендерден сұрастырып, оқиға орнына жақын аумақтарды аралады. 
 Осылайша жинақталған ақпарат көздері арқылы 1 тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол сотты болған, жергілікті тұрғын болып шықты. Оның жәбірленушінің малдарынан бөлек, тағы екі тұрғынның 3 бас ірі қарасын жымқырғаны белгілі  болды.             
Тексеру кезінде анықталғандай, күдікті жайылымда қараусыз жүрген жәбірленушілердің барлығы 7 бас ірі қарасын айдап әкеткен. Содан танысының «Газель» маркалы көлігімен сиырларды артып әкетіп, одан кейін көрші ауылға өзімнің малым деп сатып жіберген.     
      Өз кезегінде полицейлер жәбірленушілерге тиесілі малдарды айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Күдіктіден ақшаның бір бөлігі алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.  

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...