Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Түркістан облысында 6 тәулікте шетелдік 400-ге тарта көлік қазақстандық нөмір алды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша 23 қаңтардан бүгінгі күнге дейін 2800-ден астам тұрғынның өтініші келіп түсті. Оның ішінде 827 автокөлік деректер базасы бойынша тексерулерден өтті.

Соның арасында барлық талапқа сай келетін 396 шетелдік көлік құралы толық бақылаудан өтіп, қазақстандық нөмір алды. Оның ішінде 393-і Ресей Федерациясының көлігі болса, қалған 3-еуі Арменияға тиесілі.

Осы ретте облыс тұрғындарына аталмыш акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өткізілетінін ескертеміз. Сондықтан тұрғындар үшін жасалып жатқан акцияны тиімді пайдаланып, елімізге 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көлігіңіз болса, рәсімдеп алуыңызға болады.

Тіркеу үшін көлік иесінен өтініш, өтініш берушінің жеке куәлігі, көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлігі, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат қажет.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...