Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Алматылық хирургтер әйелдің бауырындағы үлкен кистаны алып тастады

Танымал

Ел аузында

Қалқамандағы №7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері бауырына үлкен киста шыққан әйелге ота жасады. Бағасын көптің қалтасы көтере бермейтін операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен жасалды, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Алматы облысының Қарасай ауданында тұратын әйел өскінді алып тастау үшін Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлеріне жүгінген. Айтуынша, диагноз қойылғалы бері бір жыл өткен. Осы уақыт ішінде киста бірнеше есеге ұлғайыпты.

«Соңғы жылдары оң жақ қабырғамның төменгі жағы үнемі ауырып мазамды алатын. Дәрігерлер тексере келе ота жасау қажеттігін айтты. Операцияны порталға тұрып, МӘМС арқылы қалада жасатуға болатынын да солардан білдім», — дейді пациент.

Естеріңізге сала кетсек, медициналық қызметтерге, соның ішінде МӘМС пакетіне кіретін операцияларға жолдаманы жергілікті емхана дәрігерлері береді. Пациент осы тәртіппен тиісті анализдерді тапсырып, Алматыдағы №7 ауруханаға жолдама алыпты.

«Бауырдағы өскінге лапароскопиялық фенестрация жасалды. Бұл операция кистаны кішкене тіліп, ішіндегі сұйықтықты толығымен алып тастауға мүмкіндік береді. Жалпы лапароскопиялық технологиялар емдеу процесін тездетіп, пациенттің отадан кейін тез қалпына келуіне мүмкіндік береді», — дейді ота жасаушы маман, №1 хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Мәуленов.

Жетінші аурухананың шетелдік клиникаларда тәжірибе жинақтаған талантты хирургтары мен анестизиологтарының шеберлігі арқасында күрделі ота сәтті өтті. Қазір пациент ауруханадан шығып, амбулаторлық бақылауға алынды.

Медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, сақтандырылған азаматтар, соның ішінде өзге аймақтардың тұрғындары да қалалық стационарларда жатып емделе алады. Ол үшін өз емханасы арқылы «Ауруханаға жатқызу бюросына» тіркеліп, жолдама алу қажет.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми өкілі Эльвира Жүргенбаева мен...