Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Бибісара Асаубаева жүлделі орынға қанша сыйақы алғанын айтты

Танымал

Ел аузында

Оның көп бөлігін анаммен бөлістім.

18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Динара Сәтжанға берген сұхбатында жүлделері мен қомақты сыйақылары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бибісара Асаубаева Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында екінші мәрте жеңімпаз атанған болатын. Шахматшы қыз сайыстан кейінгі әсерімен бөлісті.

“Осыдан 5-7 жыл бұрын чемпионаттарды тамашалап, жеңімпаз атануды армандайтынмын. Ал қазір өзіңнің үздік екеніңді білу керемет сезімге бөлейді. Блицтен әлем чемпионатына жыл сайын қатыса аламын. Осы жылдың аяғында тағы да сайыс ұйымдастырылады. Жеңімпаз атанып кубок пен медальдан бөлек ақшалай сыйақы алдым. Жаттықтырушыммен жасаған келісім бойынша, төлемақының 50 пайызын жаттықтырушыма беремін. Бірінші орынға 40 мың доллар берді. Оның көп бөлігін анаммен бөлістім”, – дейді бойжеткен. Мұның орынды екенін алға тартқан бағдарлама жүргізушісі Бибісараның жетістікке жетуіне анасының зор үлес қосқанын атап өтті.

Бибісараның анасы Лиана қызының шахматқа қызығушылығы қай жастан басталғаны туралы баяндады.

“Бибісара 4 жасынан бастап шахматпен айналысады. Кішкентайынан сабырлы бала болатын. 1 жасында анық сөйлеп, 30-дан астам өлең шумақтарын жатқа айтатын. Әпкем карта ойнауды, әкем шахмат ойнауды үйретті. 4 жасында үйірмеге барғанда жасы кіші болғандықтан қабылдамай қойды. Қызыма бұл жолдың ауыр , қиындыққа толы екенін ескерттім. Бүгінде 14 жыл шахматтан қол үзбей жаттығып келеді”, – дейді Лиана Таңжарықова. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ел жанашырлары су тасқынымен күреске 10 млн теңге қаржылай көмек берді

Еліміз оншақты күннен бері су тасқынымен күресіп жатыр. Ел басына күн туған төтенше жағдай кезінде халқымыздың бірлігі мен қайырымдылығы...