Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.8 C
Nur-Sultan
25.9 C
Almaty
32.7 C
Shymkent

Полицейлер атыраулық қалта ұрысын ұстады

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, орталық базарда «Samsung A 32» маркалы ұялы телефоны мен 20000 теңге ақшасын белгісіз жағдайда ұрлатып алған. Полицияға осындай шағыммен тағы бір әйел хабарласты. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлық қылмыстарын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында базар аумағына бекітілген учаскелік полиция инспекторлары іске кірісті. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдіктінің ұрлық жасаған сәтіндегі бейнежазбасы анықталды. Жан-жақты тексеру жұмыстарының арқасында, 2 тәулікте күдікті ер адам базар аумағынан ұсталды. Ол Атырау облысының тұрғыны, бұрын дәл осындай ұрлықпен сотты болған орта жастағы ер адам болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші әйелдер базарда керек-жарағын алып жүргенде, ұры білдіртпестен ұялы телефондарын жымқырып, жанынан өте шыққан. Содан оңай жолмен келген бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратқан.

Күдіктінің бас шарасы қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Егіз қыздардың ерекше оқиғасы: IQanat кәсіпкері олардың жұбы жазылмауына қалай көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім...