Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-7.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Полиция үш ауыл тұрғынын қайтарымсыз несие әперемін деп алдаған алаяқты анықтады

Танымал

Ел аузында

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша бірнеше жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті.Текст:

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша бірнеше жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Жәбірленушілердің айтуынша, өздеріне таныс емес біреу, мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алуға көмектесемін деп ұсыныс білдірген.
Оған сенген үш ауыл тұрғындары 150-ден 300 мың теңгеге дейін ақша беріп, соңында алданып қалған.
Алаяқтың жеке басын анықтау мақсатында, полиция қызметкерлері қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде Мақтаарал ауданының тұрғыны ұсталды.
Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Отставкадағы полковниктер жастарға жол көрсетті

ҚР Президенті Әкімшілігінің бастамасы, ІІМ-нің қолдауы аясында аға буын мен өскелең ұрпақ сабақтастығын нығайту бағытында шаралар үздіксіз атқарылуда. Соның...