Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Полицейлер жарнама сайты арқылы ер адамды алдаған Алматы облысының тұрғынын анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол жарнама сайттарының бірінен ауа салқындатқыш аппаратын (кондиционер) сату туралы хабарландыруға сеніп, алданып қалған. Яғни хабарландыруда көрсетілген нөмермен байланысып, 3 дана қолданылған, 3 жаңа ауа салқындатқыш аппаратын алатын болып келіскен. Тауардың ақшасын алдын ала салған. Алайда қаражатты алған жарнама беруші із-түссіз, байланыссыз жоқ болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 800 000 теңгеден асады.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Бұл қылмысты тез арада ашуға Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының тәжірибелі жедел уәкілдері мен түркістандық полицейлер жұмылдырылды. Жедел уәкілдер оқиғаның толық мән-жайы мен тұрғынды алдап кеткен адамды анықтау мақсатында, шұғыл шараларды іске асырды. Жәбірленуші ақша аударған есепшоттарды түгел тексеріп, тиісті куәлардан жауап алды.
Нәтижесінде жалған жарнама беруші Алматы облысының тұрғыны, бұрын сотталған жас жігіт болып шықты. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Түркістан облысының полицейлері ескертеді: бүгінде алаяқтар түрлі сылтаулармен, оның ішінде төмен бағада тауар сатып алу, сату, арзан бағамен пәтер сатып алу, қызмет көрсету секілді жарнамалар арқылы алдап түсіруде. Сондықтан кез келген тауарды алу үшін алдын ала төлем жасамаңыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается акция «Социальная мастерская». Основной целью акции является оказание помощи в улучшении...