Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Көршісінің теледидарын ұрлап, ломбардқа өткізген жас жігіт ұсталды

Танымал

Ел аузында

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, Астана қаласына кеткен уақытта үйіне ұры түскенін хабарлады.

Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның тұрғын үйінің терезесін сындыру арқылы ішке кіріп, құны 125 000 теңгелік «Artel» теледидарын жымқырып кеткен. Полицейлер оқиғаны ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Орын алған ұрлық қылмысына қатысты тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктіні анықтап, қылмысты ашу бағытында шұғыл шаралар атқарылды. Нақтырақ айтсақ, полицейлер ұрлық болған аймақты түгел қарап, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп шықты. Көрген-білгендерден жауап алынып, мүлік қабылдайтын ломбардтарды тексерді. Нәтижесінде күдікті ретінде жәбірленушінің көршісі, жас жігіт анықталып, полицияға жеткізілді. Анықталғандай, сезікті көршісінің үйінде ешкім жоқтығын біліп, арам ойын іске асырған. Содан теледидарды ұрлап, ломбардқа 45 000 теңгеге өткізіп жіберген. Айғақты зат алынып, заңды иесіне қайтарылды. Ал күдікті шартты түрде жазасын өтеп жүргеніне қарамастан, оң нәтиже шығармай қайта қылмыс жасағаны үшін қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Сәресін ішпей ораза ұстауға бола ма?

Жалпы сәресіге тұрмай ораза ұстауға бола ма? Жауап Иә, сәресіге тұрмай-ақ ораза тұтуға болады. Алайда, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі...