Полицейлер тұрғынның скутерін ұрлаған жас жігітті анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұрлық қылмысының құрбаны болғанын жеткізді. Жәбірленуші ер адамнынң айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреу подьезде тұрған скутерін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 650. 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған деректі ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, тез арада қылмысты ашуға кірісті.
Шұғыл іздеу шараларына жұмылдырылған тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, қажетті тексеру амалдарын жүргізді. Көрген-білгендерден сұрастырды. Тыңғылықты тексеру нәтижесінде бір тәулікте күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын жас жігіт болып шықты. Одан жәбірленушінің мүлкі тәркіленіп алынып, қайтарылды.
Қазіргі таңда жас жігіттің ұрлық әрекетіне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда дербес деректерді қорғаудың конституциялық кепілдіктері талқыланды

20 мамыр күні Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлтты педагогикалық унивенситетінде «Астана» Халықаралық университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында дербес деректерді...