Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.9 C
Nur-Sultan
20.8 C
Almaty
30 C
Shymkent

Жеті бала туған аналарға 25 530 теңге беріледі

Танымал

Ел аузында

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген әлеуметтік кодекстегі нормаға сәйкес, батыр аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері көбейеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

1 шілдеден бастап республикалық бюджеттен «Алтын алқа» алған, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4  айлық есептік көрсеткішке дейін (2023 жылы – 25 530 теңге) өседі, – делінген кодексте. 

Былтыр  оның мөлшері 19 603 теңгеге тең болды. Биыл 6 мың теңгеге жуық қосылып отыр. 

2019 жылдан бастап жәрдемақы тағайындау қызметін проактивті форматта алуға мүмкіндік берілді. Әйелдер кезекте тұрмайды, мемлекеттік қызметті өзіне ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады.

Бүгінгі таңда 6, 7 және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. ҚР Әлеуметтік кодексінде наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

2025 жылғы 13 тамызда «Жерұйық» саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы...