Театрдың синкреттік өнері әр түрлі маман иелерінің ынтасымен қалыптасады. Efes Art Space оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын актриса Мария Дубоделованың өмірлік тәжірибесі негізіндегі «Действие буквально» театр зертханасының әлемімен танысуға шақырады.
«Действие буквально» – 2017 жылы құрылған Орталық Азиядағы алғашқы кәсіби инклюзивті театр. Театрда жиырма әртіс қызмет етеді. Арасында аутизм және Даун синдромына шалдыққан жандар да бар. Бұл нейротипті адамдардың ой-мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби тәуелсіз шығармашылық топ. Ұжым түрлі алаңдарда сәтті өнер көрсетіп, гастрольдік сапарларға шығып, шығармашылық жобаларға қатысып келеді.
Efes Art Space жобасының кураторы Ольга Веселова:
«Театр – ұжымдық жұмыс. Кез келген ұжымда өзара сыйластық, жеке қарым-қатынастың және эмоционалдық байланыстардың күрделі жүйесі болады. Зертхананың ұжымдық өмірінің тылсымымен біз Машаның әріптестеріне жазған хаттары арқылы танысамыз. Актрисаның шынайы, сезімтал өмірлік тәжірибесі тек ауызша ғана емес, сонымен қатар көркем артефактілер сияқты көрінеді. Машаның мұндай адамгершілікке толы хаттары көрерменді бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Әр адам өзін және өз өмірлік тәжірибесін білуге мүмкіндік алады»
Құрылған сәттен бастап «Действия буквально» труппасы ондаған спектакльдер мен эскиздерді жарыққа шығарды. АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Франция, Ресей, Өзбекстан және Қазақстандағы әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеді. Сондай-ақ театр репертуарында «Вавилон мұнарасы» (режиссері Борис Павлович) және «Ойыншық» (режиссері Катя Дзвоник) екі спектакльдері бар. Театр актерлері Қазақстандағы және шетелдегі түрлі шығармашылық ұжымдардың жобаларына тұрақты түрде қатысады.
Маркетинг директоры Зейнеп Эркан Альп:
«Efes Art Space көрмесіне «Действия буквально» театрының қатысуы біз үшін үлкен тосын сый болды. Біз «Машаның хаттары» жобасын қуана қолдадық. Efes Art Space қонақтары «Действия буквально» инклюзивті театрының шығармашылық жолымен одан әрі жақынырақ таныса алатынына сеніміміз мол»
Ағымдағы көрме күнтізбесін Efes Art Space Instagram парақшасынан www.instagram.com/efesartspace табуға болады.
Efes Kazakhstan тұрақты даму стратегиясы аясында өнерге қолдау көрсете отырып, Алматы қаласын көп функциялы өнер алаңымен таныстыру туралы шешім қабылданды. Efes Art Space бастамасының мақсаты – өнер саласындағы қызықты идеяларды қолдау, Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын атап өту.
Efes Art Space сыйлығының қазылар алқасы: Efes Kazakhstan өкілдері Зейнеп Еркан Алп пен Светлана Чванова, Efes Art Space өнер кураторы Оля Веселова, суретші Арыстанбек Шалбаев, Артишок театрының актрисасы және директоры – Анастасия Тарасова және эко белсенді Ажар Джандосова.
Байқау қатысушылары:
Алибек Полатбековтың «Фотосурет: Жалпы тәжірибе» көрмесі наурыздан сәуірге дейін өтеді.
Тарих контекстінде де, әлемнің және Қазақстанның заманауи шындығында да әйелдерге арналған топтық көрме сәуірден мамырға дейін өтеді. Қатысушылар:
Айтуар Әмірованың тарихи деректер мен фольклорлық материалдарға сүйене отырып, неке ғұрыптары контекстіндегі әйелдердің орнын зерттеуге арналған «Сыңсу» концепциясы.
Айнұр Малаеваның түркі мәдениетіне деген сүйіспеншілік туралы «Этникалық цифрлық өнер» тұжырымдамасы.
Тамара Изимова «Шығыс дәмі. Классиктердің араласуы, заманауи діріл қосатын түрлі-түсті кескіндеме».
Равиль Нарегеев «Гардиан» тұжырымдамасы бүкіл планетаның этникалық топтарының әйел портреттерінің сериясы.
Зарина Мырзатаева «Маскалар мен иллюзиялар: өнер арқылы өзіңді таныту» суреттер жинағы.
Ксения Тасекеева «Біз махаббатпыз» концепциясы
Ксения Красноперстова «She|Oл|Она» тұжырымдамасы.
«Машаның хаттары» концепциясымен «Действие буквально» инклюзивті театрының зертханасы – көрерменге психикалық ауытқуы бар адамның ішкі әлеміне енуге мүмкіндік беретін мультимедиялық жоба мамырдан маусымға дейін өтеді.
Назира Сәдуақасова мен Айсұлу Саннат өз бастауларына оралу идеясымен: дала халқының өмірі мен дәстүрін бейнелейтін картиналар, сонымен қатар Орталық Азия петроглифтері мен ежелгі Отырар қыш өрнектері қолданылған керамикалық бұйымдар. Көрме уақыты маусымнан шілдеге дейін.
Гүлбарам Асқарова заманауи әлемде әртүрлі әлеуметтік рөлдерге ие бола алатын әйелдер тақырыбындағы көрме шілдеден тамызға дейін өтеді.
Елдос Амангелдиев «Басқа портреттер. Екінші өмір» мамандығының адамға әсері туралы көрмесі тамыздан қыркүйекке дейін өтеді.
Диана Акуал «Үйде» концепциясымен суретші үшін үйдің мәні туралы көрмесі қыркүйектен қазанға дейін өтеді.
«Скрап-и-Я» шығармашылық студиясы «Көмір жүрек» концепциясымен Қарағандыдағы көмір және қаланың экологиялық мәселелері жайлы көрме қазаннан қарашаға дейін өтеді.
Әлия Молдахметова мен Атабек Бекболатов ұлттық тақырыптағы картиналары мен зергерлік бұйымдары топталған көрме қарашадан желтоқсанға дейін өтеді.
Полина Аубакирова, Калеменская Галина тау және спорт туралы көрме желтоқсан айында басталып, 2024 жылдың қаңтар айына дейін жалғасады.