Желіде Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдинаның қызы Аяланың басына орамал тағып, ұзын көйлек киген видеосы тарады. Желі қолданушылары қызына орамал тағып қойған өнер иелерін сынап тастады, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.
Бұл видео Аяла Қыдырәлінің Instagram-парақшасында пайда болды.
«Сәлем, достар! Үстімдегі көйлекті үш жасымда сыйлаған еді, соны бүгін тауып алып кисем, шап-шақ екен. Көйлегіме сай әндетіп отырмын. Алла баршаңызды қолдап, қорғап жүрсін», – делінген жазбада.
Желі қолданушылары қызына орамал тағып қойған өнер иелерін сынап тастады.
«Қарақат ханым, дінді, хиджабты насихаттамаңызшы, онсыз да елдің жағдайы осы діннің кесірінен мәз емес, бала бала болып өсу керек», «Айналайын, Қарақат, қызың кейін өскен соң хиджаб киіп кетпесінші. Өтініш», «Орану – өзге ұлттың дәстүрі, қазақтар еліктеп сәбидің де миын улап жатыр. Бүркеніп тұмшаланған жастарды көргенде біртүрлі боламын, ешкімге еліктемей, қазақ болып қалайықшы», «Үстіне бүрмелі көйлек, белі қиылған қамзол, басына үкілі тақиясын киіп, шашына бестемше шолпысын сылдыратып, қолындағы үкілі домбырасына басын сүйеп отырса, керемет жарасымды болар еді!» – деп жазған олар.