Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Дархан Қыдырәлі мектепте хиджаб киюге қатысты пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мектепте оқушылардың хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы шенеунік «Өзекті» бағдарламасында айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл да жаңа оқу жылы қарсаңында мектепте хиджаб киюге рұқсат беріліп-берілмеуіне қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр.

«Бұл – өзекті тақырып. Қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Бірінші кезекте зайырлы ұстанымды баса айтқанымыз жөн. Біздің Ата заңымыз бар, сонымен қатар, белгілі заңдар бар. Екіншіден, бұған байланысты ұстанымдар әрқилы. Кейбір қоғамдық пікір қалыптастырушылар манипуляцияға итермейлейтін сияқты. Кейбір желі қолданушылары халықаралық тәжірибеде, әлемде бұл мәселе шешімін тапқан деп үзілді-кесілді жазған екен. Меніңше, бұл – фейк ақпарат. Кейбір мемлекеттерде, дамыған зайырлы, демократиялы елдерде, айталық, Еуропадағы Франция, Австрия сияқты мемлекеттер жасына байланысты хиджабқа шектеу қойған. Әрине, рұқсат ететін елдер де бар. Сондықтан бұған байланысты әлемдік тәжірибе әрқилы екенін көреміз. Әртүрлі мемлекеттің өзіне сай ұстанған бағыты, тәжірибесі бар», – дейді шенеунік.

Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі Қазақстанның ұстанымын айтқан.

«Біздің де өзіндік ұстаным, бағытымыз бар. Ол – зайырлыққа және Ата заңға бағыну. Бұл мәселе Білім туралы заңда нақты көрсетілген. Мектеп формасы бекітілген. Діни-сенім бостандығына да құрметпен қараймыз. Мемлекетте бұған барлық жағдай жасалынған. Дін істері басқармасына қарасты медресе-колледждер бар. Соларда қыз балалардың білім алуына жағдай жасалған. Бұл мәселеге дәстүр тұрғысынан қарайтындар бар. Білім беру мекемелерінің басты мақсаты – балаға білім беру. Ең бастысы бұл тақырыпты саясиландырмау керек. Себебі саясилану, радикалдану ең әуелі діннің өзіне қаншалық қауіпті екенін Таяу Шығыстан немесе төңіректегі елдерден жақсы білеміз», – дейді министр.

Еске салайық, бұған дейінгі Үкімет отырысында Ғани Бектайұлына «хиджаб киюуге рұқсат бересіздер ме, жоқ әлде бермейсіздер ме» деген сұрақ қойылған болатын. Министр бұл сұраққа жауап беруден жалтарды.

«Біз бірнәрсені түсінуіміз керек. Біз бәріміз оған келістік, Конституцияда жазылған, біз зайырлы мемлекетпіз. Сондықтан Конституцияға сәйкес мектептерде өмір сүруі керек деп есептейміз», – деген еді шенеунік.

Кейінірек, министр даулы мәселеге қатысты тағы да пікір білдірді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...