Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Ақтөбе әкімдігінің 250 млн теңге бөлген кезекті жобасы аяқсыз қалды

Танымал

Ел аузында

Екі жыл бұрын Ақтөбедегі ағаштарға санақ жүргізіп, олардың әрқайсысына төлқұжат береміз деген әкімдіктің жобасы тағы аяқсыз қалды. Қазынадан 250 миллион теңге бөлінген жобаны Алматылық компания жүргізген болатын. Алайда шенеуніктер санақ жүргізген мердігер ағаштарды есепке алу құжаттарын ресми түрде тапсырмақ түгілі санаққа жұмсалған шығынды да дәлелдей алмай отыр дейді. Ал қалған 130 миллион теңгені үкіметтен өндіре алмай отырған компания болса Ақтөбенің әкімдігін сотқа берген. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

2019 жылы Ақтөбенің билігі қаладағы ағаштардың тізімін жасау үшін оларға санақ жүргізіп, төлқұжат береміз деген болатын. Шенеуніктер санақтан кейін барлық ағаштың жасын, түрін, түсіне байланысты арнайы карта дайындап, оларды суаруға қанша көлемде су қажет екеніне дейін анықтайтын боламыз деп сендірген.

Бірақ басталған жоба аяқсыз қалып отыр. Мемлекеттік тапсырыс берген қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер жасыл желектерге санақ жүргізген мердігер компания есепке алу құжатын әкімдікке әлі ресми түрде тапсырмағанын айтады. Оған қоса мекеме санаққа жұмсалған шығындардың қаржылық құжаттарын растай алмай отыр дейді.

«Қала аумағында бар барлық жасыл желектердің, әр ағаштың орналасқан орнын, барлығын компьютерге енгізіп, жасыл желектерді күтіп ұстауға, қосымша жұмыстар жүргізуге ыңғайлы болуға біздер сондай тапсырма бердік. Ол кісілердің жасаған жұмыстары оған сәйкес келмейді», – дейді Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Жомарт Бақыткелді.

Бюджеттен 250 миллион теңге бөлінген жобаны алматылық «IT NOMAD» ЖШС жеңіп алған болатын.  Алайда мердігер компания қала бойынша он бес түрлі ағаштың 350 мың түбін есептеп, тіпті бірыңғай жүйені құрып бергендерін айтады. Бірақ әкімдіктің құжаттарды не үшін қабылдағысы келмей отырғанын білмейміз дейді.  Қазір компания қалған 130 миллион теңгені алу  үшін Ақтөбе қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімін сотқа беріпті.

«Негізі біз жұмыстың бәрін бітіргенбіз. Почти он бес мыңнан астам бумажный носительде документтерді тапсырғанбыз. Электронный варианттарда істелген жұмыстарды бергенбіз. Мобилді приложение бергенбіз. Планшеттерді бергенбіз. Московский специалисттерді шақырдық. Алматинский ботанический садты привлекать еткенбіз. Енді қазір біз соттасып жатырмыз», – деп түсіндірді «IT NOMAD» ЖШС директоры Жанболат Қалмұханбетов.

Осылайша Ақтөбедегі ағаштар санағы сотқа жетті. Әкімдіктегілер мердігер компанияға қалған 130 миллион теңгенің өтелмейтінін айтады. Ал қалған дендро жоспарды өздері жасап, жұмысты да өздері аяқтайтын болыпты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...