Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

12 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Министр тәлібтермен* бірге түскен суретке қатысты түсініктеме берді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің басшысы желіде тарап кеткен вирусты фото қалай түсірілгенін және дипломаттық делегация Ауғанстанға не үшін барғанын айтып берді

 Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың Ауғанстанға сапар барысында түскен суретіне қатысты пікір білдірді. Суретте дипломат қарулы адамдармен бірге тұр.

«Ол (Смадияров – Sputnik) президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі арнайы өкілі басшылық еткен біздің қазақстандық делегация құрамында болды. Делегация Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету бойынша арнайы миссиямен барды», – деді журналистер сұрағына жауап берген Тілеуберді.

Министр халықаралық қауымдастық Ауғанстанда экономикалық және гуманитарлық дағдарысқа жол бермеуді қолдайтынын, себебі бұл «белгілі бір деңгейде қауіп пен қиындық алып келетінін» айтты.

«Ең бірінші бұл есірткі тасымалының, діни экстремизмнің артуы және сәйкесінше босқындар санының ұлғаюы», – деп түйіндеді министр.

Біраз бұрын Желі қолданушылар Айбек Смадияровтың Ауғанстанға сапар барысында түскен суретін қызу талқылады. Кейбір дерек бойынша, Смадияровтың жанында тұрған автомат асынғандар – Қазақстанның Кабулдағы елшілігінің жанындағы күзетшілер.

Қазақстандық делегация Ауғанстанда жұмыс сапарымен болды. Делегацияны gрезиденттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан басқарды. Сапар барысында ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселесін талқылау жоспарланған болатын.

Жаздың соңынан бері «Талибанның» – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған экстремистік діни ұйымының бақылауына өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Алматылықтар жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 20 мамырда Алматы уақытымен...