Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.7 C
Nur-Sultan
23.8 C
Almaty
30.1 C
Shymkent

Үкімет қашан отставкаға кетеді? Вице-премьер жауап берді

Танымал

Ел аузында

Премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкіметтің қашан отставкаға кетеді деген сұраққа жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, атқарылып жатқан шаруаларға көңілі толады екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

“Жұмыспен қамтуға байланысты жоспардың толық орындалуын көрдіңіздер. Эпидахуалға қатысты жағдайдың бәрін көріп жатсыздар. Сондықтан Құдайға шүкір. Мұны жасалынып жатқан үлкен жұмыстардың нақты нәтижесі деп қарастыру керек. Оның бағасын Президент береді, халық береді” – дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов. 

Үкіметтің отставкасы туралы өткен аптадан бері айтылып жүр. Мәжілістің отырысынан кейін тілшілер мұны премьер-министр Асқар Мәминнің өзінен сұрап көрмек болған. Алайда Үкімет басшысы қаша жөнелді.

Соңғы кезде атқарушы биліктің жұмысына халықтың көңілі толмайды. Жанармай, азық-түлік пен тұрғын үй құнының тоқтаусыз өсуі қазір өзекті. Ал Мәмин бастаған Министрлер кабинеті мұнымен қалай күреседі, оның барлығы жабулы қазан күйінде. Айта кетейік, қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында өз міндетін орындай алмағандардың орынтағынан кетуін сұраған-ды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Fix Price Қазақстандағы ең қарқынды дамып жатқан non-food ритейлерлердің бірі атанды

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Fix Price дүкендер саны 349-ға жетіп, бір жыл ішінде 62 сауда нүктесіне көбейді. INFOLine аналитикалық агенттігінің...