15 қарашада Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 15 қарашада Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. 

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.

Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...