Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

«Төсекке секіру деген ой болған жоқ». Атыраулық тұрғын Бейбіт Қорғаннан бала туғанын айтты

Танымал

Ел аузында

Атыраулық Нұргүл Зиханова 5 жыл бұрын Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырғанын айтты. Оның айтуынша, 4 жасар баласы – әншінің ұлы, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды. 

«Әкесі ретінде 100 пайыз қабылдаған адам – Бейбіт Қорған. Ол мойындамаса да, дәлелденсе, балаға жауапкершілікті алсын деймін. Маған одан ештеңе керек емес», – дейді ол. 

Нұргүлдің айтуынша, Атыраудағы караокелердің бірінде құрбысы арқылы әншімен танысқан. 

«Ол танымал әрі сымбатті жігіт қой. Отырып, танысып, сөйлесеміз, өзі де ұнатты. Ол да шақырды, мен де кетәрі болмадым», – дейді ол. 

Ол әншімен қалай танысқанын айтты. 

«2018 жылы қарашада Атыраудағы караокеде достарымызбен отырдық. Біз екінші қабатта отырдық. Олар бірінші қабатта отырды. Құрбым одан нөмірін алған. Кейін біз басқа кафеде тамақ ішіп отырдық, сол кезде құрбым «Бейбіт Қорған қонақүйіне шақырды» деді». Әндерін қатты жақсы көретінмін. Құрбым қызуқанды болғасын, қасына көз болып барайын деп келістім. Таңғы 5-6-да бардық. Қонақүйге жай әңгіме айттық. Мен мүлдем сөйлескен жоқпын, тек әңгіме тыңдап отырдым. Бір-екі рет сыра іштім», – дейді ол. 

Оның айтуынша, Бейбіт Қорған мен құрбысы екеуі сөзге таласып қалған. Кейін құрбысы кетіп қалған, ал әнші барлық шотты өзі жапқан. 

«Менде төсекке секіру деген ой болған жоқ, жай тек әңгіме айту болды. Бір айдан кейін тағы бір мейрамханаға шақырды, мені қарындасым деп таныстырды», – деді әйел. 

Оның айтуынша, екінші рет кездескенде олар жақындаспаған. Нұргүл Зиханова әншінің балалары, отбасы барын білген.

«Бөлмеге келгенде мақсатым – жай әңгіме айтып, отыру. Жақындасу болғанда басында менің еркім болған жоқ. Маған қатты мінезді жігіттер ұнайды», – дейді Нұргүл. 

2018 жылы Нұргүл Зиханова жұмыссыз болған. Кейін фотограф болып жұмыс істеген. Әйел әншіге жүкті екенін айтқан, ол «өзің біл» деп жауап берген. Әйелдің айтуынша, баланың денсаулығында ақау бар. Ол «балаға жәрдем берсе екен» дейді.

«Бала туған кезде бүйрегінде ақау бар. Баланың диагнозын, бәрін жібердім. Ауруханаға жатқызуына көмек берді, дәрігерлермен сөйлесіп берді. Суретін жібердім. Ол көп хабарласа берме деді», – дейді әйел. 

Әнші бағдарлама журналистеріне жауап берді. Оның айтуынша, ол әйелді де, баланы да танымайды. 

«Оны білмеймін. Танымаймын, екінің бірі солай айтса, жүгіріп ДНҚ сараптамасын тапсырмаймын», – деді өнер иесі. 

Айта кетейік, Бейбіт Қорған – танымал әнші. Оның «Шоқ қыздар» деген әні бар. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...