Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
29 C
Almaty
33.3 C
Shymkent

35 мың түркістандық оқушыға орын тапшы – облыс әкімі

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында 35 мың оқушыға орын жетпейді. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтты.

«Облыста демографиялық өсім жоғары. Өңірдегі оқушы орнының тапшылығы – 35 мың орын. Бұл мәселені шешу үшін 4 бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бюджет есебінен жобалық қуаты 8250 орын болатын 34 мектеп салуда. Биыл 20 мектепті тапсыру жоспарланған. Бүгінде 6 мектеп пайдалануға берілді», – деді Дархан Сатыбалды өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, президент бастамасымен құрылған «Білім инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы құны 9,4 млрд теңге болатын 9 мектеп салынып жатыр. Нәтижесінде 6650 оқушы жаңа мектепке бара алады.

«Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 3 жылда 63 мектеп салынады. Жобалық қуаты – 49 мың орын. 2024 жылы 29 мектеп пайдалануға беріледі. Қалған 34 мектепті 2025 жылы тапсыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жеке инвестиция есебінен жобалық қуаты 5000 орын болатын тағы 17 мектеп салынды.
Биыл «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 29 мектептің құрылысы басталады. Мердігерлер анықталды. Тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді облыс әкімі.

Нәтижесінде Түркістан облысында 3 жылда 100-ден аса мектеп салынады.

Сондай-ақ Дархан Сатыбалды білім ордалары күрделі жөндеуден өтетінін атап өтті.

«Қазіргі таңда облыста 121 мектепке талдау жүргізіліп жатыр. Олар
1939-2011 жылдар аралығында пайдалануға берілген. Оның 51-іне 302 млн теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Осы мектептерді күрделі жөндеуге облыстық бюджет және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы кезең-кезеңімен 2024-2025 жылдар аралығында 38,9 млрд теңге қарастырылған.
Қалған 70 мектептің жобалық-сметалық құжаттарын әзірленіп жатыр. 2024-2025 жылғы бюджетке керек қаражат енгізу жоспарланып отыр», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Алтын Адам» номинациясының иегерлері анықталды!

    Мемлекет басшысы 2025 жылды Еңбек Адамы жылы деп атауды ұсынған болатын. Өйткені қоғам нағыз еңбек адамдарының арқасында тоқтаусыз дамып,...