Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

«Қазір екі ұлым да ержетіп қалды». Нұрсұлтан Назарбаев өзінен кейін шежіре қалай жалғасатынын айтты

Танымал

Ел аузында

Нұрсұлтан Назарбаев екінші әйелінен екі ұлы барын айтты. Бұл туралы «Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа» кітабында жазылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кітапта ол екінші әйелі Әсел Исабаевамен қалай танысқаны, артынан қалған мұрагерлері туралы айтқан. Сонымен қатар, кітапта бірінші жұбайы Сара Алпысқызына алғыс айтқан.

«Әсел маған екі перзент – алтын асықтай екі ұл сыйлады. 2005 жылы Тауман, 2008 жылы Бәйкен дүниеге келді. Жасым алпыстың бел ортасына келгенде әке болу қуанышы, перзент сүю бақыты басыма қайта қонды. Балаларымның тәй-тәй басқаны, тілі шыққаны, былдырлап сөйлегені, ойыншықтармен ойнағаны, екеуін екі қолыма алып, көтеріп жүретінім, мектепке барғанын, әріптерді танығанын қызықтағанымыз, жұмыстан келгенімде алдымнан жүгіре шығатындары… Мұның бәрі жаңа Астана салудың қиын-қыстау кезеңін жеңілдеткендей де еді. Осыларды ойласам, ет жүрегім елжіреп сала береді. Тегінде, адам баласына ең басты бақытты, ең баянды бақытты бала ғана, перзент қана бере алатын болса керек. Үш перзентімді, үкілеген үш қызымды – Дариғаны, Динараны, Әлияны дүниеге әкелген, жас шағымнан жаныма жалау болған, небір сын сағатта қасымнан табылған Сараға бар ғұмырымда ризамын және қамқоршымын. Сол қилы кезеңде де мені түсінгенін, кешіргенін мына өмірдегі бір жұбанышым көремін. Тауман туғанда Алматыға, алдына барып, бар жайды ақтарып, айыбымды айтқанымда тектілігін тағы да танытып еді айтулы әулеттің перзенті. «Бала – періште. Бала бақытты болып өссін» деді сонда Сара. Қыздарым да мені дұрыс ұқты. Сара Алпысқызының қай әйел үшін де қиын сынақта танытқан кеңдігінің бір себебін іштей сезетін де сияқтымын. Атасы Арқадағы атақты Қонақай бай екенін жаздым ғой. Сол кісіде ұл болмапты. Ақыры алпыстан асқан жасында бәйбішесі өзі айттырып, жас қызға үйлендірген екен. Ойлағанындай ұл туып, атын Алпыс қойыпты. Кім біледі, бабадан тамыр тартқан сол дәстүр есіне түсіп, болған іске кеңшілік көрсетті ме екен? Әйтеуір, онсыз да қиналған жанымды қажай берген жоқ, сағымды сындырмады. Мен өзім баланы ұл деп, қыз деп бөлетіндерден емеспін. Үш қызымды да жанымдай жақсы көремін. Олардан туған немерелерді де жиен деп жатпаймын. Ұл бала – шаңырақты ұстайтын ие, әулет жалғастырар кие. Демек, ендігі жерде менің ұрпақтарым да ата тегін «Қарасай – Көшек – Айдар – Мырзатай – Кенбаба – Еділ – Сапақбай – Назарбай – Әбіш – Нұрсұлтан – Тауман, Бәйкен» деп әрі қарай жалғап кете беретін болады. Бұл да дәтке қуат. Ұрпағыңның үзілмегені – үмітіңнің үзілмегені. Қазір екі ұлым да ержетіп қалды. Көз қуанышымыз болып, жақсы өсіп келе жатыр. Адам балаларына айналу арқылы өз өмірін жалғайды. Міне, солай, ағайын. Жан сырымды жайып салдым алдыңызға. Қалай десеңіз де, өзіңіз білесіз. Бұл – өмір. Бір анық нәрсе бар. Жүрекке әмір жүрмейді», – деп жазылған кітапта.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...