Алматыдағы «Сергек» камералары қанша «табыс тапты»?

Танымал

Ел аузында

Алматыдағы «Сергек» камералары соңғы үш жылда қанша ақша әкелгені белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның мөлшері қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтылды.

Мәслихат сессиясында Алматының цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жаңабектің айтуынша, «Сергек» жобасының нәтижесі оң және «әлеуметтік-экономикалық тиімділік бар».

«2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Сергек» жол қозғалысы ережесі бойынша 4 миллион 996 мың 691 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеді. 35 миллиард 614 миллион 748 мың теңге айыппұл салынды. Жергілікті бюджетке 27 миллиард 532 миллион 297 мың теңге өндірілді», – деді Жаңабек.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылмен салыстырғанда ЖКО саны 17 пайызға төмендеді, жолдардағы өлім-жітім 40 пайызға төмендеді, жараланғандар саны 30 пайызға төмендеді.

«Алматы жол қозғалысы қауіпсіздігінің және талдауының интеллектуалды жүйесі» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында қалада барлығы 7900-ге жуық «Сергек» камерасы орнатылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифрлық трансформация жағдайындағы архивші-құжаттанушы: жаңа буын мамандар қалай даярланып жатыр?

Бүгінде архив - тек өткеннің қоймасы емес. Ол - ұлттың жады, ғылыми ізденістің негізі және цифрлық дәуірдегі стратегиялық ресурс. Ақпараттық технологиялар...