Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Бүйрегі ауыратын адамдарға мына дәрілерді ішуге болмайды

Танымал

Ел аузында

Кейбір ауырсынуды басатын дәрілер бүйрекке зиян. Нефролог Наталия Закураева денсаулыққа зиян тигізбеу үшін дәрілерді қалай ішу керегін түсіндірді, – деп хабарлайды «Новости Mail.ru.

Маманның айтуынша, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тубулоинтерстициальды нефрит (бүйрек түтікшелері мен олардың арасындағы тіндердің зақымдануы) секілді бүйрек және созылмалы ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай дәрі-дәрмектер ауруды жеңілдеткенімен, басқа жанама әсер, мысалы, бүйрек жұмысының бұзылуы, сұйықтықтың сақталуы, қысымның жоғарылауын тудырады.

Ал егер адамда бүйрек жұмысы бұзылған, мысалы, қан креатининінің деңгейі жоғары болса, онда мұндай дәрілер бүйрекке қан ағымын азайтып, жағдайды нашарлатуы мүмкін.

Сондықтан бүйрегі ауыратын адамдарға мына дәрілерді ішуге болмайды: 

Аспирин;
Диклофенак;
Индометацин;
Ибупрофен;
Напроксен;
Нимесулид және тағы басқа.
Дегенмен бұл дәрілер бүйрегі ауырмайтын адамдар үшін де қауіпті.

Бүйрегі ауыруы мүмкін адамдардың тәуекел тобы: 

45-65 жас аралығындағы адамдар;
стероидты емес қабынуға қарсы препараттарға жеке жоғары сезімталдығы бар адамдар;
стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды 2 аптадан артық қабылдағандар.
Егер сізге жоғарыда аталған дәрілерді ішуге болмайтын болса, ауырсынуды басып, жоғары дене температурасын түсіру үшін ацетаминофен (парацетамол) ішуге болады. Парацетамолды үш күннен ұзақ уақыт ішу керек болса, дәрігердің кеңесінен өтіп, алкогольдік сусындардан аулақ болған жөн. 

Кардиолог сізге аспиринді ішуді тағайындаған жағдайда, ең алдымен бүйрегіңіздің ауырмайтынына көз жеткізіңіз, содан кейін ғана ішіңіз, оның өзінде аз мөлшерде. Бүйрегіңіз ауыратын болса, аспирин қан кету үрдісін күшейтуі мүмкін, сондықтан оны қабылдау үшін дәрігермен келісу керек.

Бүйрегіңізге ешқандай зиян тимесін десеңіз, ауырсынуды басатын дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша ғана, аз мөлшерде, аз уақыт ішінде ішіңіз. 

Айта кетейік, бұған дейін бүйрек қабынбауы үшін не істеу керегі хабарланған болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жизни более 100 человек помогли сегодня спасти жители города Конаев

Сдать кровь – это доброе дело особой категории, которое поможет кому-то вылечиться, кому-то спасет жизнь, сделать его может каждый,...