Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
28.3 C
Shymkent

Болашақтың балалары

Танымал

Ел аузында

USTEM Foundation қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Атакент» іскерлік көрме орталығында робототехника және инновациялық технологиялар бойынша Алматы қаласы әкімі кубогының IX ашық чемпионаты өтті.
Мектеп оқушыларының арасындағы ашық айқасқа көршілес елдің тұрғындары да төбе көрсетті. Қырғызстаннан арнайы келген құрама жеңісті қанжығаға байлаймыз деп отыр.


«Біз арнайы Қырғызстаннан келдік. Әрбір команда да 8 адамнан, 24 оқушы алып келдік. Мұндай сайысқа Қырғызстанның атынан бірінші рет қатысып отырмын. Инновациялық проектпен қатар арнайы робот құрылғыларын алып келдік. Осы жарыс үшін 1 ай бойы дайындалдық. Үздіктер қатарынан табылуға арнайы оқушыларымыз тер төгуде. Жеңіліп қалсақ та, бұл бізге үлкен тәжірибе болмақ. Осындағы қазақ балаларының жасаған ерекше роботтарын көріп, өзімізге қосымша білім алып, тәжірибе алмастық», – дейді Қырғызстаннан арнайы оқушылар дайындап келген, информатика пәні мұғалімі Толқын Бегаливева.
Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 6 мен 22 жас аралығындағы оқушылар мен сутденттер қатысты. Жас өнертапқыштар робот ойынында жарысып қана қоймай, сондай-ақ, «Өнердегі ғылыми инновация» тақырыбындағы инновациялық жобаларын ұсынады.


Жарыс аясында барлық қатысушылар үшін шеберлік сабақтары, стартап-кәсіпкерлер аллеясы, дрондар бойынша жарыстар, жетекші IT-компаниялар мен Қазақстанның үздік университеттері спикерлерінің семинарлары өтіп, тәжірибе алмасты. Бәсеке соңында инновациялық технология өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.
«Біз Антарес құрамасы. Абай атындағы мамандырылған мектеп интернатының оқушыларымыз. Бүгінгі жарыс өте жоғары дәрежеде өтіп жатыр. Біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені робот жарысында біздің соңғы ойынымыз аяқталды. Әрине, біз жеңіске жеттік. Көңіл-күйім өте керемет» , – дейді 9 сынып оқушысы Айша Аманбекқызы.
Біздің роботты дайындауға бір апта уақыт кетті. Неге аз уақыт деген сауал болатыны сөзсіз. Себебі біз роботты құрастырғанда модульдік принципті ұстанамыз. Ол қалай? Біз роботты кішкене бөлікке бөліп, командаларға құрастыруға мүмкіндік бере отырып, ең соңында өзіміз осы кіші бөліктерді үлкен бір бөлікке құраймыз. Сондықтан осындай аз уақытта, роботты жылдам құрай аламыз. Біздің роботтың ерекшілігі интекті жақсы жұмыс істеуі сол арқылы тақтайшаға қойып, үздік орынды көрсете аламыз. Алдағы мақсат Астана қаласында өтетін Central Asia ойындарына жолдама алу, – дейді дәл осы команда спикері.


Барлық жарыстардан ең көп ұпай жинаған үздік команда чемпионаттың бас жүлдесі – Алматы қаласы әкімінің кубогымен марапатталды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...