Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

«Бағымызды тағы сынап көреміз». Салтанат Бақаева жаңалығымен көпшілікті таңғалдырды

Танымал

Ел аузында

Танымал әнші Салтанат Бақаева «1001 түн» бағдарламасында «Арнау» тобы туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші «Арнау» тобының қайта құрылатынын айтты.

«Барынша тырысып жатырмыз. Негізі біз жұмыс барысында «Егіз-лебіз» әнін жаңа форматта шығарғымыз келген. Студияның жұмыстары бітпей жатыр. Сол ән шықса, бағымызды тағы да бір сынап көреміз бе деген үмітіміз бар», – деді ол.

Өнер иесі топтың не үшін тарап кеткенін айтты.

«Себеп көп болуы мүмкін. Әндерімізді әлі де тыңдап жатады. Біз жаңа ән шығарсақ, хит болмай жатыр. Менің ойымша, әр уақыттың өз талабы, талғамы бар. Кішкене уақыт өтіп кетті ме деп ойлаймын. Бір жағы әрқайсысымыз жеке шығармашылықпен айналысып кеттік. Жалпы «Арнау» тобына ән таңдарда Нұрданмен ақылдасамын. Жақында Жаңа жылдық кеште топ болып ән айттық. Қуанып қалдым. Себебі көбінесе Нұржан келісімін бермейді», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұлытау облысында жылқы айдауға шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды

Ұлытау облысында жылқы айдауға шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Жолға мотоциклмен шығып кеткен Қаражал...