Танымал әнші Тамара Асарға Атырау «Хиуаз Доспанова» атындағы орденмен марапатталды. Бұл марапатты өнер иесіне облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы табыстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалығын әнші әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жария етті.
«Мені «Батыр қыз» деуші халқым, маңдайыма нағыз батыр қыздың атындағы медаль бұйырды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің шешімімен Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хиуаз Доспанова медалімен марапатталдым. Хиуаз апамдай қан майданның батыры болмасам да, жүрегіммен халқымды сүйіп, басым жерге жеткенше, халқыма арнаған әніммен, сәніммен, ата-анамнан алған тәлім тәрбиеммен, ұрпағыма дұрыс жол көрсетсем, абыроймен үлгі болсам, сол мен үшін бейбіт күннің батырлығы. Алдыңғы буын ағалар, құрметтеріңізге үлкен мың алғыс!», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің марапатына бірі қуанса, енді бірі даттап жатыр. «Ауылда көп бала асырап, елі мен жеріне ерен еңбегі сіңген қаншама батыр аналарымыз бар. Солардан біреуі табылмады ма екен», «бүгінгінің батыр қызы, жарайсың», «ұшқыш атымен әншіні марапаттай ма екен», «құтты болсын, адайдың батыр қызы», «Тамара тек ән айтып қана батыр болып жүр ме?» деп жазды олар.