Темекі тұқылын жерге тастағаны үшін қандай жаза қолданылады?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда жерге тасталған темекі тұқылы үшін айыппұл қарастырылады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар мұндай әрекет үшін жауапкершілік көзделгенін ескере бермейді. Ал Абай облысындағы осындай жайттарды Семей қаласының жедел басқару орталығының камералары анықтайды.

«Тұрғындар темекі шегіп, тұқылын жерге тастағаны камераларға түскен. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқықбұзушылар 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұсақ бұзақылық – азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығына қол сұғатын әкімшілік құқықбұзушылық. Ұсақ бұзақылықтың ең көп тараған түрі – балағат сөздер, адамдарды қорлау, қоғамдық орындардың ластануы», – деп жазылған полиция хабарламасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...