Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

«Мұнай бағасы түсіп кетсе…» Сарапшы ел экономикасына төнер қауіпті атады

Танымал

Ел аузында

Экономист Мақсат Халық еліміздегі мұнайдың бағасы кенет түсіп кетсе, ел экономикасын қандай салалар асырауы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Мәселен, бір күні мұнайдың бағасы түсіп кететін болса, Қазақстан экономикасын алып шығатын балама көздер болуы керек. Меніңше, олар – өңдеуші өнеркәсіп саласы, туризм, агроөнеркәсіп кешендері. Онымен қоса, елімізде жасыл энергетика көздерін дамытуға болады, сондай-ақ осы қатарда IT саласы мен көлік-логистика саласы тиімді болмақ. Бұл салаларға басымдық беретін болсақ, ел экономикасын алдағы жылдары біраз деңгейге көтеруге болады», – дейді сарапшы.

Мақсат Халықтың айтуынша, қазіргі таңда еліміздің экономикалық бағыт-бағдары түсініксіз жағдайда.

«Экономика тек бір нәрсеге байланып қалмауға тиіс. Бүгінгі таңда үкіметтің жүйелі әрі тиімді моделі жоқ деуге болады. Өйткені еліміздегі соңғы қабылданған жобалар Ұлттық жобалар болып бекітілген еді. Алайда қазір сол жұмыстар мағынасын жоғалтып жатқанын көріп отырмыз. Демек 10-15 жылдан соң Қазақстан экономикасының қандай бет-бейнесі болады? Міне осы мәселені жоспарлау бүгінгі таңда күн тәртібінде тұр», – деді сарапшы.

Сондай-ақ ол үкіметтің жылда жалақы мөлшерін көтеруіне қатысты пікір білдірді. 

«Иә, көтеру керек. Алайда әлі айлықты дұрыс көтерген жоқ деп есептеймін. Өйткені халықтың табысы артқан жоқ. Бұл мәселе кешенді түрде қолға алынуы керек», – дейді экономист. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт...