Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Қайрат Боранбаев жаңа сот процесінің фигуранты болды

Танымал

Ел аузында

Жақында бостандыққа шыққан кәсіпкер Қайрат Боранбаев жаңа сот процесінде фигурант болды. Қазіргі таңда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты кәсіпкердің мемлекеттік сот орындаушысына деген талабын қарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот материалдарындағы мәлімет бойынша, мемлекеттік сот орындаушысы Қайрат Боранбаев пен оның жұбайы Шолпанның ортақ мүлкіндегі үлесті айқындау туралы ұсыныс жасаудан бас тартты. Кәсіпкер сотқа шағым түсіріп, мұндай әрекеттерді заңсыз деп тануды және оның құқықтарының бұзылуын жоюды талап етті.

Істі алдын ала тыңдау алдында тараптарға медиация тәртібіндегі келіспеушіліктерді шешу ұсынылды, алайда олардың арасында келісім жасалмаған.

12 қаңтарда сот ашық сот отырысында Боранбаевтың талабы бойынша әкімшілік істі қарады және оны қанағаттандырудан бас тартқан. 

Боранбаевтар кенеттен ортақ мүліктегі үлестерді анықтау не үшін қажет болғаны туралы ақпарат ашық қол жетімді материалдарда жоқ. Сонымен қатар, кәсіпкердің жұбайы Шолпан Боранбаевамен қатар іс бойынша мүдделі тұлғалар тізімінде Алматының мемлекеттік активтер басқармасы бар екендігі қызығушылық тудырады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...