Шымкентте заңсыз беріліп кеткен саябақ мемлекетке қайтарылатын болды

Танымал

Ел аузында

Заңсыз беріліп кеткен «Кең-баба» саябағы мемлекетке қайтарылады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жайлы Facebook-парақшасында депутат Бақытжан Базарбек хабарлады.

Депутаттың сөзінше, Шымкент қаласы әкімінің 08.09.2009 жылғы № 1391 қаулысымен саябақ астындағы ауданы 2,641 га жер учаскесі 10 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға берілген. Кейін Шымкент қаласы әкімінің 02.02.2011 жылғы № 108 қаулысымен аталған жер учаскесі жеке меншікке берілген (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: #19-309-010-1042).

«Жер аманаты» республикалық жер комиссиясының көшпелі отырысының нәтижесі бойынша заңсыз иеліктен шығарылған «Кең-баба» саябағын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылданған.

«Жақын арада Мұрат Баритұлы Теміржановтың атына Шымкент қаласы әкімдігінің жоғарыда аталған қаулыларының күшін жою туралы сот ісін жүргізе отырып, тексеру іс-шараларын бастау туралы өтініш жолдайтын боламын», – деді депутат Базарбек.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026 жылдың үшінші тоқсанында ресми түрде таныстырылады HONOR компаниясы 79-шы Cannes Film...