Алматыдағы жер сілкінісі: Полиция қаладағы жағдай туралы айтты

Танымал

Ел аузында

Алматы қалалық полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелері қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Қаладағы жағдай тұрақты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаладағы тәртіпті 2,5 мыңға жуық полиция қызметкері, патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция қызметкерлері, жедел уәкілдер, сондай-ақ тергеу-жедел топтары қамтамасыз етті.

«Түн салыстырмалы түрде тыныш болды. Қаладағы жедел жағдайдың асқынуына жол берілмеді. Жол қауіпсіздігі тиісті деңгейде қамтамасыз етілді. «102» желісі қалыпты режимде жұмыс істеп тұрды: азаматтардан келіп түскен қоңыраулар саны көбейген жоқ. Ешқандай тонау тіркелмеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бастапқы кезеңде азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...