Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-20 C
Nur-Sultan
-13.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Bank RBK-нің экс-басшысы Игорь Мажинов қайтыс болды

Танымал

Ел аузында

Танымал кәсіпкер, «Қайрат» АФК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Игорь Мажинов 52 жасына қараған шағында көз жұмды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы «Қайрат» АФК әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Игорь Мажинов жүрегіне ота жасалып жатқанда қайтыс болған. 

Айта кетейік, Игорь Мажинов 1972 жылы 24 ақпанда дүниеге келген. Ол – Экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясында кандидаттық диссертация қорғаған.

Игорь Мажинов әр жылдары Vertex ААҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Достық қонақ үйі» АҚ, «ХОЗУ корпорациясы» ЖШС-ында басшылық қызметтерді атқарған. «Bank RBK» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Ол «Мегаспорт» футбол клубын («Астана» ФК) ұйымдастырушылардың бірі болған еді. БАҚ мәліметінше, ол танымал кәсіпкер, «Казахмыс Холдинг» президенті Владимир Кимнің күйеу баласы. 

Еске салайық, Игорь Мажинов Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген еді.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области успешно удалили редкую феохромоцитому

В Карасайской клинической многопрофильной центральной районной больнице успешно проведено оперативное лечение редкой гормонально-активной опухоли надпочечника — феохромоцитомы. Операцию выполнили...