Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Алматыдағы лай көшкінінде қаза тапқан отбасы туралы жаңа дерек айтылды

Танымал

Ел аузында

Лай көшкіні кезінде қаза тапқан Денис Шиннің досы қайғылы оқиғадан екі сағат бұрын онымен сөйлескенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Балалардың бірінің досы олар туралы айтып берді.

«Мен ата-анасымен таныс емеспін, бірақ біз Дениспен көп араластық. Дмитрий – үлкен ұлы, ол 21 жаста. Кішілері – егіз, олар 16 жаста. Олардың анасы – корей. Олар өгей әкесімен бірге тұрды, ал олардың әкелері, білуімше, басқа елде тұрады. Мен Дениспен бір жыл бұрын «Медеуде» таныстым, біздің ортақ достарымыз болды. Біз бірге қыдыратынбыз, бірге көп уақыт өткіздік. Олар 48-мектептің 9-сыныбында оқыды», – дейді Денистің досы Арыстан Әбілқаев.

Денис Шен 

Еске салайық, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.

Кейінірек Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл түрде көшпелі кеңес өткізді.

Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілі тұрғын үйлердің бірінің астында төрт адам қалуы мүмкін екенін, оның екеуі бала, екеуі ересек адам екенін мәлімдеп, құтқару жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Кейін төрт адам да қаза тапқаны белгілі болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт...