Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Хирург вейп шегуден шаштың түсуі мүмкін екенін ескертті

Танымал

Ел аузында

Вейп шегу әдеттегі темекі секілді зиян екені белгілі, өйткені ол өкпе мен жүрек-қан тамырлары жүйесіне теріс әсер етеді. Алайда вейп шегу шаштың түсуіне әкеп соқтыратынын көпшілік біле бермейді. Бұл туралы толығырақ хирург Грег Вид айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вейпті үнемі шегетін адамдарда шаш шамадан тыс түсуі мүмкін. Маманның айтуынша, вейп түтінінде шаш фолликулаларын зақымдауы мүмкін ацетон, акролеин және формальдегид секілді бірнеше улы зат бар.

Сонымен қатар, нарықта сатылымда жүрген вейптердің көпшілігінің құрамында никотин бар, ал бұл шаштың түсуіне себеп болатын үлкен фактор. Себебі, бұл тәуелді стимулятор бас терісіне қан ағымын тоқтатып, шаш фолликулаларын қажетті оттегінен айырады. Салдарынан олар қалыпты қызметін тоқтатып, шаштың өсу циклі бұзылады, осылай шаштың шамадан тыс көп түсіп, өспеуіне әкеп соқтырады.

Грег Вид вейп шегудің салдары болған шаштың түсуі адамның жасы мен жынысына қарамайтынын ескертті. 

Айта кетейік, бұған дейін «Жүрек, ми, өкпе онкологиясы». Вейп шегу жасөспірімдер ағзасына қалай әсер етіп жатқаны хабарланған болатын.

Вейп – темекі шегетін сұйықтықтарды буландыруға арналған электронды темекінің бір түрі. Вейп сұйықтықтарының құрамына 4 негізгі және бірнеше қосымша компонент кіреді. Олар: никотин, пропиленгликоль, глицерин, хош иістендіргіш, сукралоза, этилмальтол, салқындатқыш.

Маманның айтуынша, дәл осы компоненттер, оның ішінде никотин адам ағзасына айтарлықтай зиян тигізеді. 

«Вейп өкпе, ми, жүрек қатерлі ісігіне шалдықтырып, бауырды зақымдайды.

Бірінші кезекте вейп шегу адамды өкпе онкологиясына шалдықтырады. Оның ерте кезеңде анықталуы үшін жыл сайын кезекті тексерістен өту керек. Бірақ біздің қарапайым халық мұндай медициналық тексеруден өтуге аса мән бермейтіндіктен, ауру асқынған кезде ғана біліп жатады. Мысалы, вейптің кесірінен өкпе қатерлі ісігі пайда болса, ол туралы 2 не 3 сатысында ғана біледі», – деп пікір білдірді маман.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Есірткі қылмыстарының алдын алу парыз

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №75 мекемесінің жедел бөлімі мен Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс қимыл...