Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Алматылық дәрігерлер ота жасап, эхинококк құртына толы киста мен алып өт қабын алып тастады

Танымал

Ел аузында

42 жастағы ер адам Алматыдағы Қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген кезде ауыр халде болды. Ол іш қуысында өскін пайда болып, іші үлкейіп кеткенін, әлсіздік байқалып, қызуы көтерілетінін, ішінің жиі-жиі толғақ қысқандай ауыратынын айтып шағымданған.
Науқастың сөзінше, 2021 жылы тексеру барысында бауырдың оң жақ бөлігінде эхинококк кистасы бары анықталған. Бірақ өзі ота жасатудан бас тартыпты. Уақыт өте келе іші үлкейіп, іш қуысындағы өскін өсіп кеткендіктен жоспарлы ота жасау үшін ауруханаға жеткізілді. Оның үстіне, өттегі тас, калькулезды холецистит пен 28х20 сантиметрлік алып өт қабы жағдайды қиындата түскен. 2,5 сағаттық отаны хирургтер Нұрхат Есенбеков пен Дәурен Әбдуалиев, анестезиолог Бэлла Бажинова, медбике Лашын Болысбаева қатысқан бригада жасады.
«Әдетте, ересек адамда өт қабының ұзындығы 7-10 см, ені 5 см төңірегінде, сопақша немесе алмұрт тәріздес пішінді болып келеді. Ал бұл науқастың өт қалтасы нормадан 3-4 есе үлкен және іш қуысының жартысына жуығын алып жатты. Мұндай жағдайды өз басым алғаш рет кездестіріп отырмын. Қалыптан тыс алып өт қабы мен бауырға жабысқан эхинококк кистасы ерекше клиникалық және патологиялық жағдай болып есептеледі. Одан тек хирургиялық операция арқылы ғана арылуға болады», — дейді хирург Нұрхат Есенбеков.
Пациент отадан кейін жетінші күні ауруханадан шықты. Жалпы құны 400 мың теңгеден асып жығылатын операция МӘМС қаражатына жасалды.
Естеріңізге сала кетсек, бауыр эхинококкозы – жұқпалы паразитарлық ауру. Echinococcus құрты әдетте бауырға жабысып, киста пайда болады. Хирургиялық емді талап ететін бұл ауру ондаған жылдар бойы ешбір белгі бермеуі мүмкін. Құртқа толы кистаны іш қуысына компьютерлік томография жасағанда немесе эхинококқа ИФА әдісімен анализ тапсырғанда ғана анықтауға болады. Сондықтан әсіресе, жануарлармен жұмыс істейтін адамдарға жиі қаралып тұрған жөн, дейді мамандар.
Дәрігерлер басты проблема аурудың өте кеш анықталатынында болып тұрғанын, эхинококк жұқтырып алмас үшін қарапайым тазалық талаптарын сақтау қажеттігін айтады.
«Пандемиядан кейін біз денсаулығымызға ден қоя бастадық. Бірақ коронавирустан да басқа аурулар барын ұмытпай, қолды сабындап жуып жүрген абзал», — деп қорытты дәрігер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В области Жетісу привели в порядок дорогу, которую не ремонтировали почти 30 лет

В области Жетісу проведен ремонт дороги до отдаленного села Копбирлик. Результаты проделанной работы проинспектировал сегодня аким области Бейбит Исабаев...