Елімізде сұйытылған газ бағасы өседі

Танымал

Ел аузында

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев биыл Қазақстанда сұйытылған газ 5-8 теңгеге қымбаттайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Жыл сайын сұйытылған газ бағасының өсіруді жоспарлап отырмыз. Биыл өңірлерге байланысты сұйытылған газ бағасын шамамен 5-8 теңгеге арттырамыз. 2024 жылғы көктемдегі министрліктің жоспарында өсім қарастырылған», – деді Алмасадам Сәтқалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл ақпанда коммуналдық тарифтер айтырлықтай қымбаттаған:

Су бұруға – 33,9 пайыз;
Орталықтан жылытуға – 30,9 пайыз;
Суық суға – 30,8 пайыз;
Қоқыс шығаруға – 30,7 пайыз;
Ыстық суға – 29,4 пайыз;
Электр энергиясына – 19,9 пайыз. 

Аяз Есен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...