Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Ресейден әкелінген қызанақтардан вирус анықталды – министрлік

Танымал

Ел аузында

Оралда Ресейден әкелінген қызанақтардан қоңыр қатпарлы вирус анықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Қаладағы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар 26 қаңтарда Ресей Федерациясынан жеткізілген 1 тонна қызанақтан вирус анықтады.

Өнімдерді карантиндік фитосанитариялық бақылаудан қайта өткізгенде қызанақта қоңыр қатпарлы вирус (ToBRFV) бары белгілі болды.

Қазақстанға карантинге жатқызылған өнімді әкелгені үшін инспектор тапсырыс берушінің үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 400-бабы бойынша хаттама толтырып, барлық материалды сотқа жіберді.

Биыл 12 ақпанда сот шешімімен өнім алушы кінәлі деп танылды. Оған 77 532 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Ресейден әкелінген 1 тонна қызанақ арнайы белгіленген аумақта өртелді.

Аяз Есен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...