Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Massaget.kz редакциясына сұхбат беріп, атышулы базар Алтын ордаға қатысты сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс әкімінің сөзінше, Алтын орда базары бойынша құқық қорғау органдары, салық органдары тексерулер жүргізген.
«Алдынғы жылдарға қарағанда салық түсімдері көбейген. Оның үстіне тіркелмеген кәсіпкерлер анықталып, тіркеуге қойылды. Бір жағынан базардың өзі слаық төлейді, екінші жағынан сол жерде жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де төлейді. Өздеріңізге белгілі, базарға тексерулер жүргізген кезде салықтық міндеттері анықталып, алдынғы жылдарға қарағанда бір жарым еседей көп салық төленген», – дейді Марат Сұлтанғазиев.
Кейіннен 200-ге жуық кәсіпкер тіркелген.
Сонымен қатар, облыс әкімі жаңадан салынған павильонннан орын алып, ақша салып, орнын ала алмай отырған кәсіпкерлердің шағымына қатысты пікір білдірді.
«Бұл жерде келісімшарт жеке кәсіпкер (саудагер) мен базардың әкімшілігімен жүргізілгенін түсіну керек. Олар павильоннан орын алу үшін ақша берген. 300 адам шағымданған. Іс қозғалды. Кейін ұйымдастырушы қамауға алынды. Әкімшілік тарапынан павильон құрылысын тездету, саудагерлерге төлеген ақшасына байланысты жұмыс орнын беру. Ол үшін толық рұқсат құжаты берілген. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр», – дейді әкім.
Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, қазіргі таңда базардың иесі бір заңды тұлға, ал оны жалға алып жұмыс істеп отырған басқа тұлға. Жалға алушы бойынша қылмыстық іс жүріп жатыр.